Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі қолданыс аясын кеңейту, оның мәртебесін арттыру, ана тіліне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттау арқылы қоғамдағы достық пен бірлікті нығайту.

Концерттік бағдарламаға қаладағы белсенді жастар мен өнерге қызығушылық танытқан жас көрермендер қатысты. Мерекелік кеш барысында ұлттық әндер орындалып, қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнері кеңінен насихатталды. Домбыраның сүйемелдеуімен орындалған шығармалар көрермендерге ұсынылып, ұлттық өнердің ерекшелігі таныстырылды.
Аталған іс-шара жастар арасында мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және мәдениетаралық өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.

