2025 жылдың 18–19 қазан күндері Шымкент қаласында «Adal azamat cup» қалалық дебат турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
🎯 Турнирдің негізгі мақсаты – жастардың шешендік өнерін дамыту, толеранттылық қағидаттарына негізделген азаматтық сананы қалыптастыру, өзекті қоғамдық мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру және дебат арқылы құқықтық сауаттылықты арттыру.

🧠 Турнир барысында қатысушылар қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап, өз пікірлерін объективті жеткізуге, дәлелді талдау жасауға және қарсы пікірге құрметпен қарауға машықтанды. Бұл жоба жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға да ықпал етті.
🌟 Сонымен қатар, «Adal azamat cup» турнирі Шымкент қаласының оң имиджін қалыптастыруға, еліміздің зияткер жастарын біріктіруге және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды.
🏆 «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында жеңімпаздар келесідей жүлделермен марапатталды:
🥇 I орын – 70 000 теңге
🥈 II орын – 50 000 теңге
🥉 III орын – 30 000 теңге
🏅 Үздік спикер – 25 000 теңге
🏅 Үздік төреші – 25 000 теңге
👏 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жастардың білімге, әділдікке және белсенді азаматтық ұстанымға деген талпынысы – жарқын болашақтың кепілі!

