Шымкент қаласының экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық саясаты аясында тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және қала экономикасын күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қалада жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру, энергетикалық жүйелерді жаңғырту және әлеуметтік нысандарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету – стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Абай ауданында Кемел Ақышев көшесіндегі жол құрылысының нәтижесі мен сапасы тексеріліп, тұрғындардың көлік қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар орындалғаны анықталды. Жобаның іске асуы Бәйдібек би даңғылы мен ауданішілік магистральдардың жүктемесін азайтып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Тұрлан тұрғын алабындағы энергетикалық қосалқы станцияның жаңғыртылу барысы да бақылауға алынды.1985 жылы пайдалануға берілген бұл қосалқы станция әлеуметтік нысандарға және Тұрлан, Ынтымақ, Жиделі шағынаудандарының тұрғындарына электр қуатын жеткізіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмалары мен қала экономикасын тұрақты дамыту бағытындағы инвестициялық бағдарлама аясында кешенді реконструкция жүргізілді. Нәтижесінде қосалқы станцияның өткізу қабілеті арттырылып, электрмен жабдықтау сенімділігі күшейтілді. Бұл қаладағы инфрақұрылымды жаңарту мен тұрғындарға сапалы қызмет көрсету бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабындағы көшелерді асфальттау жұмыстары мен Момынова көшесіндегі теміржол үстінен өтетін автомобиль өткелінің құрылысы да тексерілді. Жобаларды сапалы, уақытылы және технологиялық талаптарға сай орындау міндеті мердігер ұйымға берілген. Бұл жұмыстар Шымкенттің дамуы жолында қала экономикасының өсуіне, көлік инфрақұрылымының жетілдірілуіне және тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына бағытталған. Шымкентте жүзеге асырылып жатқан жол және энергетикалық инфрақұрылым жобалары – қала дамуы мен экономикалық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі. Олар мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттырып, тұрғындар үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи ортаны қалыптастыруға қызмет етеді. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар қаланың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етіп, Шымкентті заманауи және өмір сүруге ыңғайлы мегаполиске айналдыруға ықпал етеді.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
