Шымкент қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарының бірі – туристік әлеуетті арттыру және заманауи инфрақұрылымды дамыту. Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмалары аясында қалада туристік секторды жетілдіру және халықаралық деңгейде тартымды туристік дестинацияға айналдыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2024–2025 жылдар аралығында туристік инфрақұрылымды нығайту мақсатында 12 қонақ үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 2024 жылы 7 қонақ үй толық іске қосылды, ал 2025 жылы 2 қонақ үй ашылып, жыл соңына дейін тағы 3 қонақ үйді пайдалануға беру көзделіп отыр. Бұл қадам қалаға келетін туристердің санын арттырып қана қоймай, қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Бадам су қоймасы аумағында «Omir Shymkent» глэмпинг жобасының құрылысы басталды. Бұл жоба тұрғындарға және қала қонақтарына заманауи талаптарға сай мәдени-сауықтыру және демалыс аймақтарын ұсынуға бағытталған. Ұлттық ерекшеліктер мен қазіргі заманғы сервисті үйлестіре отырып, бұл бастама Шымкент қаласын өңірлік және халықаралық деңгейде тартымды туристік орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Бүгінде қалада 17 туристік маршрут тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Олардың ішінде Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағалы – Шымкент бағытындағы 4 күндік туристік маршрут туристер арасында ерекше сұранысқа ие. Бұл маршруттар тарихи, мәдени және табиғи нысандарды қамтып, өңірге келетін шетелдік және отандық туристер үшін тартымды бағдар болып отыр. Сыртқы байланыстарды нығайту мақсатында 2025 жылдың басынан бері 32 дипломатиялық кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесулер қаланың туристік және инвестициялық әлеуетін арттыруға, халықаралық әріптестікті дамытуға және туристік қызмет сапасын жетілдіруге бағытталған. Қалалық билік пен жауапты органдардың жүйелі жұмысы нәтижесінде Шымкент қаласы тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар мәдени және туристік әлеуеті бойынша да аймақтық және халықаралық деңгейде дамып келеді. Туристік инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа жобаларды іске қосу Президент тапсырмаларын орындау аясында қала дамуының маңызды үлесі болып табылады.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
