Шымкент қаласының экономикалық дамуы мен инвестициялық саясаты аясында қала инфрақұрылымын жаңарту, жол қозғалысын жеңілдету және бизнеске қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, тұрғындардың өмір сапасын арттыру, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және шағын аудандарды сапалы жол желісімен қамтамасыз ету – мегаполистің стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Осы бағытта қалада бірнеше жол және кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Аралау барысында Шаяхметов пен Ерімбетов көшелерінің арасындағы жол учаскесінде аяқталған жұмыстарды қарап шығу мүмкіндігі туды. Жобаның мақсаты – қала тұрғындары үшін жол қозғалысын жеңілдету, көлік кептелісін азайту және инфрақұрылымды тиімді пайдалану. Аяқталған жол учаскесі тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысын реттеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, Тұран ауданында кәсіпкерлік нысандарының қасбетіне орнатылатын террасалық және терезе маркиздерін шығаратын «MNE-Markiz» цехының жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын жылына 1200 өнім өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай өнімдер қаланы абаттандыруда және бизнес нысандардың сыртқы келбетін жақсартуда жоғары сұранысқа ие. Жобаның маңыздылығы – ғимараттардың сәулеттік келбетін көтеріп, кәсіпкерлерге қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға ықпал етуінде. Бұдан бөлек, Абай ауданында А-2 айналма жолы мен «Нұршуақ» шағынауданының арасын жалғайтын жаңа жол құрылысының нәтижелері тексерілді. Жоба тұрғындарға ыңғайлы қатынауға жағдай жасап қана қоймай, көше-жол қозғалысына түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы қаладағы жол жүйесінің тиімділігін арттырып, жаңа тұрғын алаптар мен негізгі көшелердің байланысын қамтамасыз етеді.Шымкенттің дамуы жолында атқарылып жатқан бұл жобалар – қала экономикасын әртараптандыруға, кәсіпкерлік инфрақұрылымды нығайтуға және тұрғындар үшін қолайлы өмір ортасын қалыптастыруға бағытталған нақты шаралар. Жобаларды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру арқылы мегаполистің көлік жүйесі заманауи талаптарға сай жаңғырып, қала тұрғындарының өмір сапасы артатын болады. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жаңғырту жұмыстары мемлекет басшысының қала экономикасын дамыту, инвестиция тарту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бойынша берген тапсырмаларының орындалуына тікелей қызмет етеді.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
