ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ – САБЫР РАҚЫМОВ АУЫЛЫНДА МЕКТЕП ЖӘНЕ ЖОЛ ЖОБАЛАРЫ ЖАҢҒЫРУДА

Қазығұрт ауданында ауылдық аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сабыр Рақымов ауылдық округінде білім және жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жобалар іске асырылуда. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырумен қатар, ауданның және Түркістан облысының экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етеді.Ауылдағы білім саласын дамыту мақсатында Сабыр Рақымов мектебінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің алдындағы көшелерге шағал төсеу жұмыстары атқарылып, алдағы уақытта асфальт жабындысын төсеу жоспарлануда. Сонымен қатар, мектептегі құрылыс кемшіліктері мердігер тарапынан түзетіліп, оқу жылына дейін сапалы түрде аяқталды. Мектептің құжаттары да толық рәсімделіп, білім беру инфрақұрылымы толықтай дайындалды. Жол инфрақұрылымын жаңарту да белсенді жүргізілуде. Көкібел елді мекенінде Келес өзеніне қарай 300 метр жолға латок салу және Айқынбай батыр көшесі мен Жастар көшесі арасындағы 1 шақырым жолдың сметалық есептері әзірленуде. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен мобильділігін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен жергілікті сауданы дамытуға жағдай жасайды. Қазығұрт ауданындағы атқарылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырумен қатар, аудан мен Түркістан облысының экономикалық дамуына, ауылдық жерлердің өзін-өзі қамтамасыз ету әлеуетін нығайтуға бағытталған нақты қадам болып табылады. Сабыр Рақымов ауылындағы білім және жол нысандарын жаңғырту – облыстағы ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы мен экономикалық белсенділікті қолдаудың маңызды элементі болып есептеледі.