Түркістан облысы бүгінде тек тарихи және рухани орталық қана емес, сонымен қатар экономикалық және инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірге айналып келеді. Соңғы жылдары аймақтың даму бағыты – туризм, инфрақұрылым және халықаралық әріптестікті күшейтуге негізделген. Осы мақсатта облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегацияның Өзбекстан Республикасына, соның ішінде Хорезм облысына жасаған жұмыс сапары ерекше маңызға ие болды. Түркістан мен Хорезм – тарихы мен мәдениеті сабақтас, Ұлы Жібек жолының алтын белдеуі саналған екі өңір. Әлемге әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан Түркістанға жыл сайын миллионнан астам зияратшы мен турист келеді. Бүгінде өңірде 1800-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіш, 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Бұл аймақтың туристік әлеуетінің кеңдігін көрсетеді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облысқа 830 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Бұл көрсеткіш аймақтың туризм саласын экономика өсімінің нақты тетігіне айналдырып келе жатқанын айғақтайды. Түркістан мен Хорезм – тарихы мен мәдениеті сабақтас, Ұлы Жібек жолының алтын белдеуі саналған екі өңір. Әлемге әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан Түркістанға жыл сайын миллионнан астам зияратшы мен турист келеді. Бүгінде өңірде 1800-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіш, 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Бұл аймақтың туристік әлеуетінің кеңдігін көрсетеді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облысқа 830 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Бұл көрсеткіш аймақтың туризм саласын экономика өсімінің нақты тетігіне айналдырып келе жатқанын айғақтайды. Түркістан қаласында бүгінде жыл сайын 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Әуе қатынасын кеңейту мақсатында арнайы жеңілдік бағдарламалары енгізілген. Орталық Азиядағы екі ежелгі рухани орталық – Түркістан мен Хиуа арасындағы тұрақты әуе рейстері ашылса, бұл тек туризм емес, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға да зор мүмкіндік береді. Кездесуде тек туризм ғана емес, басқа экономикалық және мәдени салалар бойынша да ынтымақтастық туралы меморандум жасау ұсынылды. Бұл өңіраралық әріптестікті институционалды деңгейде бекітіп, инвестиция тарту мен тәжірибе алмасу тетіктерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Түркістан облысының туризм саласындағы белсенді қадамдары – өңірдің экономикалық әлеуетін арттырудағы стратегиялық шешім. Халықаралық әріптестік, көлік инфрақұрылымын дамыту, тарихи және мәдени мұраны сақтау арқылы Түркістан алдағы уақытта Орталық Азияның ірі туристік және экономикалық орталықтарының бірі болуға толық негізге ие.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
