Түркістан облысы, Түлкібас ауданында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және борыштық міндеттемелер бойынша құқықтық қолдау көрсету мақсатында кең көлемді ақпараттық-семинар өткізілді. Шара «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – тұрғындарды қаржыны тиімді басқару, несие өнімдерін дұрыс пайдалану, алаяқтықтан қорғану, сондай-ақ өз құқықтарын білу мен қорғауға үйрету. Сонымен қатар, қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға заңдық және психологиялық қолдау көрсету көзделді.
Іс-шара барысында азаматтарға:
• банктік есеп-шоттарының бұғатталу себептері және оны шешу жолдары,
• несие тарихын жақсарту тәсілдері,
• төлем қабілетін бағалау ережелері,
• алаяқтықтан қорғану тетіктері,
• құқықтық көмекке қайда және қалай жүгінуге болатыны
туралы нақты әрі тегін кеңестер берілді.
Семинарға «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшы Әмірәлиева Әйгерім
және қаржылық-психологиялық кеңес беруші, педагог-психолог Шара Абдирахманова қатысып, өз салалары бойынша маңызды мәліметтермен бөлісті.
«Қаржылық сауаттылық – әр азаматтың қауіпсіз өмір сүруінің кепілі. Өз құқығын білген адам ғана дұрыс қаржылық шешім қабылдай алады», – деп атап өтті заңгер маманы.
Ал Шара Абдирахманова:
«Қаржылық қиындықтар адамның ішкі күйіне, отбасына, қоғаммен байланысына әсер етеді. Сондықтан қаржы мен эмоцияның арасындағы тепе-теңдікті сақтау – аса маңызды», – деді.
Кездесу соңында қатысушылар мұндай шаралардың пайдалы әрі қажет екенін айтып, жобаның өңірдің өзге елді мекендерінде жалғасуын қолдайтындарын жеткізді.
Turkistan #AFM #Түркістан #АФМ #Туркестан #Бәйтерек