КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ МОЙЫНДАҒАН ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ

🔹Бүгін Шымкентте ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қаратау ауданына қарасты Қызылсу тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесіп, 15 наурыз күні өткен республикалық референдумда қабылданған Конституция жайлы жан-жақты мәлімет беріп, еліміздің басты құқықтық құжаты туралы баяндады.

🔹Енгізілген негізгі өзгерістер мен олардың маңыздылығына тоқталған топ мүшелері жаңа Конституцияның – қоғам мойындаған құндылықтар жүйесі екенін жеткізіп, әрбір баптың қоғам игілігі үшін қызмет ететінін айрықша атап өтті.

🔹Тұрғын алап белсенділерімен ұйымдастырылған кездесуде қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, қалалық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Т.Бисембиев, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы Н.Амангелді, Қызылсу тұрғын алабының биі Б.Махмудов және Қаратау ауданы әкімі аппаратының бас мманы Б.Әділханов қатысып, сөз сөйледі. Азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.

🔹Жиын барысында жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, жастар тәрбиесіне назар аудару, ұлтаралық татулық пен этносаралық ахуалға көңіл бөлу, кереғар діні ағымдардан сақтану жайы да назардан тыс қалмады.