Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес өңірде ауыл шаруашылығы жерлерінің мелиоративтік жағдайын жақсарту, жер асты суы деңгейін реттеу және егістік алқаптардың өнімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауданда салынып жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына арнайы бақылау жүргізді. Аудан әкімі жауапты сала мамандарымен және мердігер мекеме өкілдерімен бірге құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасын, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуын тексерді. Сонымен қатар техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аударылды. Зерделеу барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір ұңғымаларда құрылыс жұмыстарының талапқа сай жүргізілмеуі, техникалық нормалардың толық сақталмауы, ұйымдастырудағы олқылықтар және шаруалардың егістік алқаптарға өтуіне кедергі келтіретін жағдайлар тіркелді. Осыған байланысты мердігер мекеме өкілдеріне қатаң ескерту жасалып, жауапты бөлім басшыларына мердігерлермен жұмысты күшейту және құрылыс нысандарындағы жұмыстардың сапасы мен мерзімін тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімі тік дренаж жүйелерінің сапалы салынуы өңір үшін аса маңызды екенін атап өтіп, бұл жобаның ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына, егістік жерлердің өнімділігін арттыруға және шаруалардың еңбек жағдайын жақсартуға тікелей әсер ететінін жеткізді. Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен және «Ислам Даму банкі» қаржысы есебінен басталған 210 тік дренажды ұңғыманы қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылдың сәуір айында толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда. Жоба аясында «КиікбайСтройСервис» ЖШС арқылы Мақталы, Қызылқұм және Абай ауылдық округтерінде 97 тік дренажды қалпына келтіру көзделген. Нәтижесінде 16 мың гектар егістік алқаптың мелиоративтік жағдайы жақсарады. Ал «Арт-Құрылыс» ЖШС арқылы Ералиев, Ынтымақ және Ш.Ділдабеков ауылдық округтерінде 113 тік дренажды қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 20 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. — осы ақпаратқа сай тақырыптар керек

