ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹Бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданы Хамза шағын ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔹Іс-шараға ауыл ақсақалдары, ауыл билері, тұрғындар және сала мамандары қатысты.

🔹Атап айтқанда, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Н.Әбдікәрім, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкері Р.Досан «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Н.Аманкелді, жергілікті имамдар, Д.Қаратаев, М.Садық, ақсақалдар С.Дауренбеков қатысты.

🔹Кездесу барысында қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту, жастар тәрбиесі, діни сауаттылықты арттыру, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, қолданыстағы заңдылықтарды сақтау, және қоғамдағы патриотизмді көтеру мәселелері баяндалды.