🔹Бүгін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың «Жас ғалымдар» клубы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тарих және этнология» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым, білім және инновация – конституциялық басымдық ретінде» тақырыбында ІІІ дискуссиялық алаң өтті.
🔹Іс-шара 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияның елдің ғылыми-білім беру саясатына, инновациялық даму бағытына және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына ықпалын талқылауға арналды.
🔹Алаң барысында жас ғалымдар жаңа Конституцияның ғылым мен білімді дамытудағы рөлі, цифрландыру мен инновациялық жобаларды қолдау тетіктері, ұлттық код пен бірегейлікті сақтау, «ұлттық брендті» нығайту бағытындағы маңызы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
🔹Жиында ғылыми қауым өкілдері референдум барысындағы азаматтық белсенділікке, жаңа заң аясында ғылыми-зерттеулерді мемлекеттік қолдаудың артуына және инновациялардың әлеуметтік-экономикалық саладағы тиімділігіне ерекше назар аударды.
