Түркістан облысында құқықтық саясатты іске асыру аясында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жануарлар денсаулығын қорғау және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес өңірде ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғыртуға және заң талаптарына сай қызмет көрсетуге басымдық берілуде.
Құқықтық қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бағыттарының бірі – «Ветеринария туралы» заң талаптарын тиімді іске асыру, жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Осы мақсатта Түркістан облысында ауылдық елді мекендерді заманауи ветеринариялық нысандармен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Соның бірі – Мақтаарал ауданында басталған сегіз жаңа ветеринариялық пункттің құрылысы. Бұл жобалар ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық қызметтің сапасын арттыруға, профилактикалық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыруға және жануарлардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуына мүмкіндік береді.
Жаңа ветеринариялық пункттер ветеринариялық-санитариялық талаптарға толық сәйкес жобаланған. Онда мамандардың сапалы қызмет көрсетуіне қажетті жұмыс кабинеттері, дәрілік препараттарды сақтауға арналған арнайы қоймалар, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және қызметкерлердің еңбек жағдайын қамтамасыз ететін инфрақұрылым қарастырылған. Сонымен қатар, малды вакцинациялау, сырғалау, ветеринариялық өңдеу және тіркеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге арналған арнайы құрылғылар мен жабдықтар орнатылады.
Аталған жобалардың мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылуы құқықтық қамтамасыз ету саласындағы тиімді басқару үлгісінің бірі саналады. Бұл тәсіл жеке инвестицияларды тарта отырып, мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және ауыл тұрғындары үшін маңызды қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық қызметтің сапалы ұйымдастырылуы құқықтық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі эпизоотиялық қауіпсіздікті сақтау, мал ауруларының алдын алу, ветеринариялық бақылауды күшейту және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – халық денсаулығын қорғаудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі.
Түркістан облысында құқықтық қамтамасыз ету бағытында ветеринария саласының уәкілетті органдары жануарларды бірдейлендіру, вакцинациялау, диагностикалық зерттеулер жүргізу, ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, мал иелерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ветеринариялық заңнаманың талаптарын түсіндіруге және биологиялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда.

