ТҮРКІСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласында құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық мәжіліс өтіп, өңірде құқықтық саясатты іске асырудың басым бағыттары мен құқықтық қамтамасыз ету тетіктері жан-жақты қаралды.

Мәжіліске құқық қорғау органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және өзге де жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді талқылады.

Жиын барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Жазғы демалыс кезеңінде «тәуекел тобындағы» оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау және тәрбиелік-профилактикалық шараларды күшейту бағытындағы жұмыстар сараланды.

Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу, тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың тиімділігі талқыланды. Қатысушылар құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Мәжілісте жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалып, құқықтық қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты сарапталды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы нақты ұсыныстар қарастырылды.

Жиын қорытындысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы барлық жауапты мекемелерге құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын кешенді түрде жалғастыруды, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтыққа қарсы профилактиканы күшейту және нашақорлықтың таралуына жол бермеу бойынша жүйелі шараларды іске асыруды тапсырды. Сонымен бірге әрбір берілген тапсырманың орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, қабылданған шаралардың нәтижелілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Құқықтық саясатты тиімді іске асыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық мәдениетті нығайту – Түркістан өңірінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға негіз болып отыр.