ТАҢДАУ ЖАСАУ – АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТ

Шымкент қаласындағы «GraMaD» сауда орталығы ұжымымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Халықтық коалиция мүшелері мен қалалық ҚХА жанындағы ақпарттық-түсіндіру тобы кездесіп, 15 наурыз күні өтетін республикалық референдум туралы айтты.

Ұжым қызметкерлері алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Сатывалдиев және қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев секілді бірқатар азаматтар сөз сөйлеп, алдағы Референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, басты құқықтық құжаттың негізгі қағидаттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Саяси науқанның негізгі басымдықтарын қарапайым тілде жеткізген белсенділер әрбір азаматтың референдумға қатысып, өз таңдауын жасау –азаматтық міндеті екенін түсіндірді.