ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

Индустриалды-техникалық колледжінде Отбасы күніне орай іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Көркем әжелер» тобының мүшелері – Атенова Тәттігүл, Мукашева Забира, Еркінбекова Рабиға және Жуманова Сырға қатысты.

Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту, отбасындағы тәрбие, үлкенді құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Көркем әжелер» тобының мүшелері жастармен пікір алмасып, отбасы тәрбиесінің маңызы жөнінде ой-пікірлерін білдіріп, өмірлік тәжірибелері негізінде тағылымды кеңестерін жеткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық тәрбие негіздерін қалыптастыру, үлкенге құрмет көрсету мәдениетін дәріптеу және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан отбасы институтын нығайтуға және жастар тәрбиесіне қатысты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.