🔷 Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
🔷 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойы аясында және 2026 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша «Ордабасы» клубының Қазақстан чемпионы атануына орай ұйымдастырылатын салтанатты кешке шақырамыз.
🔷 Мерекелік іс-шарада «Ордабасы» клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамына Қазақстан чемпионатының алтын медальдары табысталып, чемпиондық кубок салтанатты түрде тапсырылады.
🔷 Сонымен бірге отандық эстрада жұлдыздары – Қайрат Нұртас пен Баянсұлудың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
🔷 Айта кетейік, 25 қазан күні «Ордабасы» футбол клубы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, маусым қорытындысы бойынша 68 ұпаймен өз тарихында екінші рет ел чемпионы атанды. Осы жоғары жетістіктің нәтижесінде команда келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде еліміздің намысын қорғайды.
Уақыты – 8 қараша, сағат 16:00-18:00;
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Астана алаңы.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
