ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Төлеби ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Тәлімгер» жобасы аясында ардагерлердің қатысуымен мектеп оқушыларымен «Заң мен тәртіп құндылықтары» тақырыбында мазмұнды кездесу іс-шарасы өткізілді. Аталған шара құқықтық саясатты іске асыру, жастардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда заң үстемдігін нығайту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа заң мен тәртіптің қоғамдағы айрықша рөлін түсіндіру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет секілді құндылықтардың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, жиында құқықтық саясатты тиімді жүзеге асырудың негізгі тетіктері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланып, жастар арасында құқықтық иммунитет қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді. Ашық форматта өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық саласына қатысты нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Мұндай тәрбиелік және профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сана-сезімін қалыптастырумен қатар, олардың заң талаптарына құрметпен қарауына, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне және құқықтық мәдениеттің дамуына оң ықпал етеді.

Төлеби ауданы прокуратурасы алдағы уақытта да құқықтық саясатты іске асыру, құқықтық мәдениетті арттыру, құқықтық сана қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы осындай маңызды кездесулер мен тәрбиелік жобаларды жүйелі түрде жалғастыратынын хабарлайды.