БОЗАРЫҚТА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай ауданы, Бозарық тұрғын алабында этносаралық тұрақтылықты нығайту, қоғамдық келісімді сақтау мақсатында кездесу өтті.

Іс-шараға ауыл ақсақалдары мен билері, жергілікті тұрғындар, этномәдени бірлестік өкілдері және сала мамандары қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесуге Шымкент қалалық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Жалмұрзаев Батырбек, Абай ауданы әкімінің аппараты мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мінуар Қуаныш, бөлімнің бас маманы Пернекулова Венера, Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Умбетов Адаш, ағарту саласының ардагері Асет Умбетов, Абай ауданы түрік ЭМБ төрағасы Юсупов Боранбай және Бозарық тұрғын алабының түрік ЭМБ төрағасы Халилов Бексұлтан сондай-ақ тұрғындар қатысты.

Жиын барысында этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, жастар тәрбиесі, діни сауаттылықты арттыру жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда өзара түсіністік пен ашық диалогтың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, аға буын өкілдерінің жастар тәрбиесіндегі рөлі, этносаралық қарым-қатынасты нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің маңызы және тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату мәселелері сөз болды.