ОТБАСЫ КҮНІ: «ОТБАСЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасым – мақтанышым» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шара «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және өнегелі отбасылардың тәжірибесін насихаттауды мақсат етті. Жиында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова жүргізді. Кездесу…

