ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

🔹Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Медиация кеңесінің ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті.

🔹Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, медиация институтының қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттау және дау-дамайларды өзара келісім арқылы шешу мәдениетін қалыптастыру.

🔹Қабылдау барысында Медиация кеңесінің мүшелері мен кәсіби медиаторлар азаматтардың құқықтық сауалдарына жан-жақты жауап беріп, медиация рәсімінің артықшылықтары мен оны қолдану тетіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қатысушыларға тұрмыстық, отбасылық және азаматтық-құқықтық сипаттағы дауларды сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешудің тиімді жолдары түсіндірілді.

🔹Медиация – қоғамдағы өзара түсіністік пен татулықты нығайтып, азаматтар арасындағы сенім мен сыйластықты арттыратын маңызды құқықтық құрал. Осындай игі бастамалар қоғамдағы келісім мәдениетін қалыптастырып, ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосады.

🔹Ашық есік күніне келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша кәсіби кеңес алып, көкейлеріндегі сауалдарына нақты жауап алды.

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі