Кездесуге Кентау қалалық мәслихатының депутаты, №9 С. Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Мұсаханова Үлбала Ермаханқызы, сонымен қатар қала жастары, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – біздің басты байлығымыз әрі мақтанышымыз. Осындай алуан түрлі ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына ұйыстырып отырған мемлекетіміздің басты құндылығы – этносаралық келісім мен бірлік.
Кездесудің шынайы рухы – бірлік пен бауырмалдық. Біздің еліміз – сан ұлттың ортақ шаңырағы. Түрлі ұлт өкілдері бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мұның өзі – бейбітшіліктің, өзара түсіністіктің, кең жүректі қазақ халқының арқасы екенін Ү. Мұсаханова ханым атап өтті.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этносаралық татулықты нығайту мақсатында Кентау қалалық «Мансап орталығында» кездесу өтті.
