«РУХТАСТАР» жастар сыйлығының 2025 жылғы жеңімпаздары
«Үздік филиал» номинациясын Шымкент қаласы иеленді.
Бұдан бөлек «Жастар Рухы» қолдаушысыноминациясын талантты жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген спортшы, аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов марапатталды.

Сондай-ақ «Белсенді рухтас» номинациясы бойынша Шымкент қаласының белсенді жасы Тұрсынбек Жанерке Нұржанқызы марапатталды.
Бұл марапаттар — жастардың белсенділігі мен тұрақты еңбегінің нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ете береміз!
