«Алланың маған берген сыйысың»: Тәуекел Мүсілім жұбайын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады

Актер Instagram желісінде видео жариялап, жарын туған күнімен ерекше құттықтады.

«Туған күніңмен, Махаббатым. Өзіңмен бірге өткізген әрбір сәтке шүкіршілік етемін. Алланың маған берген сыйысың. Сенімен өткізген әр сәт бақытқа, махаббатқа толы. Кейде ренжітіп жатсам, мән берме. Ең бастысы, мен сені шын сүйем. Бақытты, қуанышты күндеріміз көп болсын. Алла соңғы демімізге дейін бірге болуды нәсіп етсін», — деді актер.