Президент Жолдауын жүзеге асыру: ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі екі есеге жуық артты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы қайта өңдеу қуаттарын кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге және өндірістің кейінгі өңдеу сатыларын дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге, қайта өңдеу өнеркәсібін нығайтуға, өңірлерде жаңа өндірістер ашуға және экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға жол ашады