Бүгін Шымкент қаласында жастар арасында этносаясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың зиянды әсерінің алдын алу мақсатында Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінде ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Нұржан Әбдікерім, «Жастар ресурстық орталығы» КММ Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Қармантай Нұржақсын, сондай-ақ Шымкент қаласы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Әбдіманап Нұрхан Нұртасұлы қатысты.

Кездесу барысында жастарға қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің маңызы, этносаралық татулықты сақтау, жастар тәрбиесі, заң талаптарын сақтау және діни сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу және ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды.

