ОТБАСЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

🔹Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен олардың балаларына қолдау көрсететін «Отбасылық қолдау орталығында» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында орталықта тұрып жатқан балаларға қажетті қолдау көрсетіп, оларды мектепке дайындауға жәрдемдесу.

🔹Игі бастама аясында балаларға мектеп формасы мен спорттық киімдер сатып алынып, мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуге көмек көрсетілді. Сонымен қатар балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, аниматорлар шақырылды.

🔹Іс-шараны өткізуге Аналар кеңесінің мүшелерімен қатар бірқатар кәсіпкерлер мен демеушілер қолдау көрсетті.

Атап айтқанда:

«Ленгерское» компаниясы – балмұздақ;
«Зурай» компаниясы – сусындар;
Kemel Dan – ұн және макарон өнімдері;
Sairam Nan – нан-тоқаш өнімдері;
«Розметов» – шұжық өнімдері;
«Марамель» – аниматорлық қызмет ұсынды.

🔹Ал мектеп формасы мен спорттық киімдер қайырымдылық мақсатта жиналған қаражат есебінен алынды.

🔹Аталған бастама әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетуге, балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына жағдай жасауға және қоғамдағы өзара қолдау мәдениетін нығайтуға бағытталған.

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі