Ерлан Қарин Вице-Президент лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті лауазымына тағайындалды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қариннің Вице-Президент лауазымына кандидатурасын Құрылтай депутаттарының басым көпшілігі қолдады.

Мемлекет басшысы Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік ету, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Президенттің ұстанымын жеткізу тапсырылды.

Мемлекет басшысы Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдағаны үшін Құрылтай депутаттарына ризашылығын білдірді.