ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔹 Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабында қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау және тұрғындар арасында өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

🔹 Кездесу барысында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, азаматтар арасындағы өзара құрметті арттыру, түрлі түсініспеушіліктердің алдын алу және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту мәселелері талқыланды.

🔹 Жиын барысында ақпараттық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет ету, арандатушылық сипаттағы ақпараттарға сыни көзқараспен қарау, қоғамдық ортадағы өзара сыйластықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔹 Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, Қайнарбұлақ тұрғын алабының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекмырза Байділда, Абай ауданы әкімінің аппараты мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Венера Пернекулова және тұрғын алаптың биі Сегізбай Өскенбай қатысты.

🔹 Қатысушылар жастар тәрбиесіне ерекше мән беріп, жас ұрпақтың бойында үлкенді құрметтеу, ел бірлігін бағалау, өзара сыйластық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

🔹 Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жауаптар берілді. Жиын барысында қоғамдық келісімді сақтау, тұрғындар арасындағы өзара түсіністікті арттыру және татулықты нығайту бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.