ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

Түркістан облысында құқықтық саясатты тиімді іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағытта құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы күшейтіліп, профилактикалық шаралардың тиімділігі артып келеді.

Осы жұмыстар аясында Жетісай ауданында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында өңірдегі криминогендік ахуалды тұрақтандыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді мәселелер қаралды. Басым назар мүліктік қылмыстардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды күшейту, қоғамдық тәртіпті сақтау және отбасы институтын нығайтуға аударылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, қылмысқа бейім аумақтарда бақылау шаралары күшейтілуде. Сонымен қатар тұрғындардың жеке мүлкін қорғау мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әлеуметтік қорғау саласының мамандары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік осал отбасыларды қолдау, отбасындағы жанжалдардың алдын алу және психологиялық көмек көрсету бағытындағы жұмыстардың нәтижелерін баяндады. Бұл бағыттағы шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңірде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру кездесулері, профилактикалық акциялар, құқықтық кеңестер мен ақпараттық іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Мұндай жұмыстар азаматтардың заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сананы нығайтуға және қоғамдағы толеранттылық қағидаттарын орнықтыруға ықпал етуде.

Құқықтық саясатты жүзеге асыруда ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және халықпен ашық байланысты дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Бұл бағыттағы кешенді жұмыстар өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, құқықтық тәртіптің сақталуына, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарының сенімді қорғалуына және Түркістан облысында заң үстемдігін қамтамасыз етуге негіз болуда.