Түркістан облысында Мемлекет басшысының құқық үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясында құқықтық саясатты іске асыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл бағытта құқық қорғау органдары мен уәкілетті мемлекеттік мекемелердің өзара іс-қимылын күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіруге және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға басымдық беріліп келеді.
Осы мақсатта өңірде жүзеге асырылып жатқан «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы аясында бейінді ведомстволардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда. Жоба аясында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметі нақты нәтижеге бағдарланып, құқық бұзушылықтардың себептері мен тәуекел факторларын ерте анықтау, алдын алу және жою тетіктері жетілдірілуде.
Ордабасы ауданында өткен ведомствоаралық жұмыс кеңесінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік органдардың профилактикалық қызметінің тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелері жан-жақты қаралды. Сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдардың атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Жиын барысында азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін жетілдіру, халықпен кері байланысты нығайту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту бағыттарына ерекше назар аударылды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыруға, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Құқықтық саясатты тиімді жүзеге асыруда тұрғындармен тікелей байланысты күшейту де маңызды бағыттардың бірі саналады. Осыған байланысты азаматтарды жеке қабылдау, олардың құқықтық мәселелеріне заң аясында түсіндірме беру және көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау тетіктері тұрақты түрде қолданылуда. Мұндай жұмыстар халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.
Жалпы, Түркістан облысында құқықтық қамтамасыз ету саласында бейінді ведомстволардың үйлесімді әрі нәтижеге бағытталған жұмысы қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және өңірдегі құқықтық саясаттың тиімді іске асырылуына негіз болып отыр.

