ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАС АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

🔹Ұлттық рухтың алтын арқауы – қасиетті домбыраны ұлықтауға арналған Ұлттық домбыра күні қарсаңында Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Айналайын» жобасы аясында қалалық перзентханада дүниеге келген нәрестелер мен олардың аналарына естелік сыйлықтар табысталды.

🔹Тағылымды іс-шараның басты мақсаты – ұлттың рухани мұрасын дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту, аналарға деген құрмет пен ізетті арттыру, жаңа өмірге қадам басқан жас отбасыларға ақжарма тілек пен ыстық ықылас білдіру.

🔹Шара барысында Аналар кеңесінің мүшелері жас аналарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, бесігіне береке, шаңырағына шаттық тілеп, өмірге жаңа келген сәбилерге ақ баталарын арнады. Қазақы тәлім мен ұлттық тәрбиенің мәнін айшықтайтын естелік сыйлықтар табысталып, аналық мейірім мен елдік құндылықтарды ұлықтайтын ізгі тілектер айтылды.

🔹Осындай тағылымды бастамалар арқылы ұрпақ сабақтастығы, анаға деген құрмет пен ұлттық руханияттың өміршең құндылықтары кеңінен насихатталып, жас отбасыларға ізгілік пен бірліктің өнегесі көрсетілуде.