Президенттің айтуынша, тіл мәселесін сылтауратып, қоғамда жік туғызуға тырысатындарға заң аясында қатаң шара қолданылады.
«Әрине, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлемеуі тиіс. Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады”, – деді президент.