САРЫАҒАШ: ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ЖЕРГІЛІКТІ АГРОӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДА

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Бостандық елді мекенінде орналасқан жылыжай кешенінің жұмыс барысымен танысып, өндіріс көлемі мен өнім сапасын жоғары бағалады. Аудан басшысы жылыжайдағы тәжірибені жергілікті ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында тиімді үлгі ретінде атап, осындай жобалардың алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Жылыжай иесі Тоир Раимбердиев ауыл шаруашылығы саласында 30 жылдан астам еңбек тәжірибесіне ие. Қазіргі таңда олар өздеріне тиесілі 1,90 гектар жер телімінде жылыжай құрылысына ие болып, әртүрлі көкөніс дақылдарын өсіруде. Жылыжайда қияр, қызанақ, салаттық жапырақ және пекин қырыққабаты егілген. Өнімдер сапалы түрде өсіріліп, жетілдіріліп, Қазақстанның Солтүстік облыстары, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларына экспортталады.

2025 жылы қиярдың северинг түрі 0,80 га алқабында 100 тонна өнім берді, ал 2026 жылы өндіріс көлемін арттырып, экспортқа шығаруға жоспарлануда. Қызанақтың рунед түрі 0,40 га алқабында 40 тонна өнім беріп, биыл да экспортқа жөнелтілді. Жылыжайдың қалған 0,30 га бөлігінде салаттық жапырақ пен пекин қырыққабаты өсіріліп, биылғы жылы бұл дақылдардан да мол өнім алу көзделуде.

Аудан әкімі атап өткендей, Сарыағаштағы жылыжай кешені жергілікті өнімнің сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және агроэкспортты дамытуға үлес қосуда. Жылыжай өнімдері қазіргі таңда тек ішкі нарықты қанағаттандырып қана қоймай, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуде. Бұл кәсіпорынның тәжірибесі Қазақстандағы ауыл шаруашылығын инновациялық жолмен дамыту, жаңа технологияларды енгізу және экспортқа бағытталған өнім өндірісін ұлғайту мақсатында үлгі болып отыр.

Сонымен қатар, жылыжайдағы өндірістік процесс жоғары стандарттар мен сапа бақылауы негізінде жүргізіледі. Жетілдірілген агротехнологиялар, заманауи жылыжай құрылымдары және тұрақты бақылау жүйесі өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру арқылы Сарыағаш өңірі экономикалық дамуды, кәсіпкерлікті қолдауды және агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыра түспек.

Алдағы уақытта жылыжай көлемі мен өнім ассортиментін кеңейту, сондай-ақ жаңа экспорттық бағыттарды дамыту жоспарланып отыр. Бұл жобалар жергілікті агроөнеркәсіптің дамуына серпін беріп, Қазақстандағы сапалы өнім өндірісін арттыру бағытындағы маңызды қадамға айналады.