Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриялдық аймағында орналасқан «ЭкоШина» компаниясы пайдаланылған автокөлік шиналары мен шикі резеңке түтіктерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтағын өндіруге кірісті. Жобаның жүзеге асырылуы Цифрлы Қазақстан бастамасы аясында инновациялық өндірісті дамытуға, қалдықтарды қайта өңдеу саласында технологиялық шешімдерді енгізуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Жобаның жылдық қуаттылығы, 1400 тонна резеңке ұнтақ, 1800 тонна пиролиз майы, 400 тонна техникалық көміртек және металл сым. Осы өндіріс процесі арқылы 36 жаңа жұмыс орны құрылып, қаланың тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл – Шымкент қаласының жаңа экономикалық саясатының нақты көрінісі: өндірістік әлеуетті арттыру, инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және жасыл экономика принциптерін енгізу. Компанияның басты мақсаты – қалдықтарды тиімді қайта өңдеу арқылы экологиялық ахуалды жақсарту және қаланың тұрақты дамуына үлес қосу. Резеңке ұнтағы мен пиролиз өнімдері жергілікті өнеркәсіп саласында қолданылып, экономикалық айналымға түседі, бұл Шымкенттің индустриялық секторын дамытуға қосымша серпін береді. «ЭкоШина» жобасы жасыл технологияларды енгізу, инновациялық өндірісті дамыту және экологиялық қауіпсіздік стандарттарын сақтау арқылы өңірдегі өндірістік экожүйені жаңғыртуға үлес қосады. Сонымен қатар, жобаның іске қосылуы Шымкент қаласының жаңа экономикалық саясаты аясында инвестициялық тартымдылықты арттырады, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді және қалалық тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл жоба – Шымкенттің инновациялық индустриялық дамуы мен цифрлық технологияларды енгізу стратегиясының нақты көрінісі, қаланың экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
