Түркістан облысы білім беру жүйесінде ашықтықты арттырып, цифрландыру процесін жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың бастамасымен білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары нақты белгіленді. Негізгі мақсат – цифрлық теңсіздікті жою және білім сапасын жаңа технологиялар арқылы көтеру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, білім беру саласына жасанды интеллект пен заманауи цифрлық шешімдерді енгізу міндеті қойылған. Осы бағытта өңірде бірқатар пилоттық жобалар іске қосылып, оқыту процесін бақылау, оқушылардың жетістігін талдау және кәсіби бағдар беру жүйелерін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. “Білім – мемлекеттің болашағы мен өркениеттің негізі. Сондықтан ашықтық, әділеттілік және инновация – біздің басты бағытымыз. Әр ата-ана өз баласының қауіпсіздігіне, сапалы білім алуына сенімді болуы керек. Бұл тек білім басқармасының емес, аудан мен қала әкімдерінің де ортақ жауапкершілігі”, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов мәлімдегендей, салада бірыңғай цифрлық жүйе құру – басты міндеттің бірі. Қазіргі таңда түрлі платформалардың өзара байланысының болмауы деректердің үйлесімсіздігі мен ресурстардың тиімсіз жұмсалуына әкеліп отыр. Сондықтан алдағы уақытта, Бірыңғай ақпараттық жүйе енгізу, IT-мамандар санын арттыру, Биометриялық сәйкестендіру және цифрлық қолтаңба жүйелерін дамыту, Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру, Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңір мектептерінде бейнебақылау камералары орнатылып, олар Полиция департаментінің басқару орталығына тікелей қосылған. Сонымен қатар, 220 мыңнан астам оқушы әлеуметтік әмиян арқылы тегін ыстық тамақпен қамтылып, процестің ашықтығы толық цифрлық бақылауда тұр. Пилоттық режимде енгізіліп жатқан жаңа платформалар оқу процесін автоматтандырып қана қоймай, әр оқушының жеке қабілетіне бейімделген оқыту жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл халықаралық зерттеулерге дайындық, оқушылардың жетістігін талдау және мұғалімдердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.Түркістан облысы білім беру саласындағы реформаларды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Ашықтық, тиімділік және цифрлық трансформация – аймақтың білім саясатының негізгі өзегі. Бұл өзгерістер оқушылардың сапалы білім алуына, мұғалімдердің кәсіби өсуіне және жалпы білім жүйесінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
