Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту күн тәртібіне арналған «Реформалар мәні: Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Іс-шара аясында кітап авторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев қала жастарымен кездесіп, ашық диалог форматында пікір алмасты.
Кездесуде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың мәні мен маңызы, олардың жас ұрпаққа беретін мүмкіндіктері және жастардың елдегі өзгерістерге белсенді қатысуы талқыланды. Сонымен қатар қоғам алдындағы жауапкершілік, азаматтық ұстаным және Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы жастардың рөліне ерекше назар аударылды.
Әңгіме барысында цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқан кезеңде жастардың заманауи білім мен жаңа технологияларды меңгеруі, зияткерлік әлеуетін арттыруы және өз мүмкіндіктерін ел игілігіне бағыттауы маңызды екені атап өтілді. Жаңа заман талаптарына бейімделу, бастамашыл болу және қоғамдық үдерістерге белсенді араласу – өскелең ұрпақтың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.
Сондай-ақ өңір жастарының талдамалық қабілетін дамыту және зияткерлік әлеуетін нығайту мәселелері сөз болды. Қатысушылар Шымкент қаласында Taldau экожүйесінің білім беру және қоғамдық жобаларын дамытуға қызығушылық танытып, осы бағыттағы бастамалар жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.
