САРЫАҒАШТА АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта Сарыағаш ауданындағы Ақжар және Дихан баба елді мекендерінде жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобалар ауылдық жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсартуға және тұрғындарға заманауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсетуге…

