ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ФАБРИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысының Түлкібас ауданында жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабриканың құрылысы басталды. Ауқымды жобаның капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған бастаманың маңыздылығын атап өтті. – «Бүгін біз үшін ерекше күн. Бір күнде екі бірдей жаңа өндіріс нысанының іске қосылуына және іргетасының қалануына куә болып отырмыз….
