ТҮРКІСТАН: ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Түркістан қаласы бүгінде аймақтық экономиканың жаңа орталығына айналып келеді. Арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақта жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ шағын және орта бизнестің белсенді дамуы — қаланың экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік өсімінің нақты көрсеткіші. Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар толығымен іске асқанда 2 956 жаңа…
